Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Әлем чемпионатында екі алтын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Әлем чемпионатында екі алтын иеленді

24.04.2014
Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Әлем чемпионатында екі алтын иеленді
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан 2 алтын, 1 күміс иеленді.
 
Бүгін 46-49 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Шалқар Айқынбай финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласы Сүлеймен Латиповтан 3:0 есебімен басым түсіп, Ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтынды салды.
 
Ал, екінші алтынды 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қарағандылық Абылайхан Жүсіпов иеленді. Финалда румыниялық қарсыласынан басым түскен Абылайхан биыл жастар арасындағы Азия чемпионатында «Турнирдің үздік боксшысы» атанған.
 
56 келі салмақ дәрежесінде шымкенттік Сұлтан Зауырбек күміс медаль еншіледі. Ол финалда Куба боксшысына 3:0 есебімен есе жіберді.
 
Еске сала кетейік, дәл қазіргі уақытта София қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстаннан төрт бірдей боксшы шықты.
 
Сәлден кейін  жерлесіміз Вадим Казаков 81 келіде үшінші алтын үшін шаршы алаңда бақ сынайды.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу