Теңізде қаза болған 14 теңізшіні еске алу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңізде қаза болған 14 теңізшіні еске алу рәсімі өтті

03.07.2019

Ресейдің Мурманск қаласында сүңгуір қайық апатында қайтыс болған теңізшілермен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Тұрғындар «қаза тапқан флот қызметкерлеріне» арналған мемориалға гүл шоқтарын қойып, шырақ жағуда.

Шілденің 1-де арнайы зерттеу жүргізіп жатқан су асты қайығында өрт шығып, 14 теңізші мерт болды.

Болжам бойынша, мұхит түбін зерттеуге арналған аппарат биометриялық өлшем жүргізгенде тұтанған. Борттағылар оны сөндіріп үлгергенімен, түтінге уланып қалды. Қаза тапқандардың ішінде бірінші рангтағы жеті капитан мен Ресейдің екі батыры бар.

Қазір оқиғаға байланысты құзырлы органдар тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижелеріне сәйкес, процессуалдық шешім қабылданып, тиісті шара қолданылады.  

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу