Еуразиялық экономикалық одақ ендіктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одақ ендіктері

12.04.2014
Еуразиялық экономикалық одақ ендіктері
Қазіргі таңда Экономикалық одақ туралы өткір ой-пікірлер айтылуда. Осы орайда біз  ынтымақтастық төңірегінде  әр азаматты  толғандырып жүрген сауалдарға қатысты түрлі  тараптың пікір-пайымын тыңдап, назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
 
Қазақстан жер-жаһандағы  озық отыз мемлекеттің қатарына кіруді меже етіп қойды. Бұл міндетке  жалғыз жаяу жету мүмкін емес. Өйткені, біздің нарық шағын, шектеулі.  Ал,  сауданы еселей түсудің жалғыз жолы «экономикалық» мүдде жолында  күш біріктіру.
 
Әлеуеті бізбен қарайлас, болмаса нарығы үлкен елдермен ынтымақтастыққа  ұмтылудың ұлы мұраты мемлекет ішіндегі сіз бен біздің әрқайсысымызға тиесілі үлесті арттыру.  
 
Көп кешікпей үш ел Қазақстан, Ресей, Беларусь - Еуразиялық Экономикалық Одақты құрылымдайды. Келіссөздер қазір қай сатыда бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев былай дейді.
 
-Бірыңғай экономикалық  кеңістік құрылды, енді біздің келесі кезеңіміз ол мамыр  айының соңында Астана қаласында қол қойылатын Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының басшыларының Еуразилық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюы келісіліп отыр. Соңғы кезде әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде, электронды құралдарда   көптеген талқылаулар жүріп жатыр. 
 
Сол сияқты ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өндіріс комитетінің төрағасы - Бақтыбай Қасымбекке сауал қойған едік.
 
-Еуразиялық экономикалық одаққа бірігу қандай игілік әкеледі? Және бұл одақ біздің тәуелсіздігімізге нұқсан келтірмей ме?
 
-Қазіргі таңда көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі келеңсіз жағдайларды естіп жүрміз. Еуразиялық экономикалық одақ ол болашақта біздің тәуелсіздігімізге нұқсан алып келе ме деген сұрақтар толып жүр. Оны қолдайтын да, қолдамайтын да адамдардың бар екенін көріп жүрміз.
 
Дегенмен, 1994 жылы наурыз айында елбасымыз Мәскеу қаласында студенттер мен профессорларға берген дәрістерінде осы еуразиялық одақты құру идеясын айтқан болатын.
 
Бұл идеяның ең негізгі мақсаты - ол экономикалық кеңістікті дамыту, нарықтық кеңістікті дамытып, соның аясында халықтардың мүддесін, одаққа енетін әрбір мемлекеттің экономикасын дамыту.
 
-Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болғаннан кейін сіздердің қолдарыңызда нақты сандар бар. Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы тауар айналымы қандай?
 
-Үш мемлекет Еуразиялық экономикалық одаққа еніп отыр. Үлкен кеңістік пайда болды. Әсіресе, Бресттен бастап Владивостокка дейінгі кеңістік бұл үлкен кеңістік осы алқапта 200 миллионға жуық халық өмір сүреді. Олардың әл-ауқаты экономикаға байланысты. Әрине, біздің 17 миллион халқы бар Қазақстан үшін осындай кеңістіктің ашылғаны өте қолайлы деп есептейміз.
 
Себебі, осы құрылымдар арқасында бізде өндірілген өнімдерді сататын кеңістік пайда болды. Мысалға алатын болсақ, барлық өнімдердің экспортталуы әсіресе соңғы үш жылдың ішінде он есе асып отыр. Ал, импорт көлемі де өсіп отыр.
 
Мұның бәрі неге алып келеді? Біріншіден экспорттау жөнінде бұрындары шикізатты көп экспорттайтын болсақ, шикізат экспорты қазір төмендеп отыр оның ішінде үш пайызға төмендеп отыр. Бізге экспортқа дайын өнімдерді көбірек шығару керек болып отыр. Ол он пайызға артқан. Оның өзі де бізді қуантатын жағдай. Осы кеңістікті пайдаланып әсіресе тау-кен металлургия, түсті металлургия салалары өсіп отыр.
 
Онымен қоса бірлескен өнеркәсіптер ашылып отыр. Айта кететін болсақ, Ресеймен бізде көлік зауыттары құрылып жатыр. Мысал үшін Шығыс Қазақстанда өздеріңізге мәлім жеңіл автокөлік шығаратын бірлескен автокөлік зауыты құрылып отыр.
 
2010 жылдары ол үш мың автокөлік қана құрастыратын болса, қазір 2013 жылы 35 мың данаға жетті. Енді 2017 жылға дейін Қостанай қаласында 120 мың автокөлік құрастыру көзделіп отыр, Беларустармен бірігіп тау-кен саласына қажетті үлкен «БелАЗ»   көліктерін, 45 тонналық жүк тасымалдайтын автокөліктерді  жинайтын бірлескен кәсіпорын құрылды.  Ол да біздің үлкен жетістігіміз.
 
Одан басқа бізде 7 автокөлік  шығаратын өнеркәсіптеріміз бар.  Бізде олардың өнімін Ресейге және Беларусь еліне шығаруға мүмкіндік болды. Кеңістіктегі бізді қуантатын жағдай қазіргі таңда бізде өндірілген өнімді сертификатсыз осы кеңістікте қабылдайды. Сол себепті өнімдерімізді басқа мемлекеттерде үш мемлекеттің аясында бізге ешқандай кедергісіз қазір тасымалдауға және сатуға мүмкіндік бар.
 
-Серік Сейтжанов мырза, алдымен өз кәсібіңіз жөнінде айтып өтсеңіз. Бизнеске қашан келдіңіз. Және бүгінде активтеріңіздің көлемі қандай?
 
-Бұл кәсіпті кеңес дәуірінде бастадым. Қазақ химия технология институтының құрылыс-инженері факультетін бітіріп, құрылысшы мамандығынан бастадым. Ал, енді кеңес дәуірінен кейін өзіміздің егемендік келіп бизнес саласында Елбасының қолдауының арқасында   бүгінгі таңда құрылыс саласындағы біздің бизнес  жақсы өсіп жатыр.
 
Ал, енді құрылыс материалдарының жетпеуіне байланысты оның үстіне өздеріңізге белгілі 2007 жылы Елбасының жарлығымен 30 корпоративті нысандар іске қосылуы керек болды. Сол нысандардың ішінде біздің де бүгінде жұмыс істеп тұрған «СтандартЦемент» зауыты болды.
 
Ал енді сол зауыт жұмысы 2008 жылы басталып  2010 жылы іске қосылды.  Бүгінгі таңда  Оңтүстік өңіріндегі ең сапалы, бағасы төмен  маркісі 400,500-ші цемент шағаратын үлкен зауыт іске қосылып жұмысын істеп тұр. Ол зауыт іске қосылғаннан кейін әлеуметтік жағдайға, біз көңіл бөліп, әлеуметтік мәселелерді де шешіп отырмыз.
 
-Ендеше құрылыс компаниясының қожайыны есебінде Бірыңғай кеңістіктің артықшылығын сіздің компания қалай пайдаланып жатыр?
 
-Бірыңғай кеңістіктің артықшылығы көзге көрініп тұр. Біз іс тарапында оны қолданып отырмыз. Ал енді оның ішінде Беларусь, Ресей, Қазақстан дәл қазір біздің осы жоғары маркілі цементтерімізді бүгінгі таңда Ресейге соның ішінде Мәскеуге, Ресейдің шекаралас аймақтарына жіберіп отырмыз.
 
Оның үстіне қазір талапқа сай Ресей жағы жоғары маркілі цементті көп сұрап отыр. Оның ішінде 600,700-дік маркілі цемент сұрап жатыр. Енді біз қазір осы зауытың екінші кезеңін бастап отырмыз.
 
-Баға, сапа, бәсеке деңгейін ескергенде бизнесіңізді Бірыңғай кеңістік аясында ұлғайтуға мүмкіндік бар ма?
 
-Бұл біздер үшін жасалынған өте үлкен мүмкіндік. Соның бәрін қарасақ финанс жағынан, одан бөтен бүкіл бизнес саласынан сіздер жақсы білесіздер жақында Елбасы мораторий жариялады бизнеске, тексеру тоқтатылсын деп ол да үлкен жетістік. Ал, енді мүмкіндік үлкен. Соның бәрін іске қосып қазір бізде мыңнан астам адам жұмыс істейді.
 
-Сол мың адамның әлеуметтік мәселесі, тұрмыс жағдайы шешілген бе?
 
-Шешілген. Оның үстіне дәл қазір айтатын болсақ, «СтандартЦемент» зауытының жан-жағында өзінің карьерлері, әктас карьерлері, бүгінгі топырақ карьері соның бәрінде де жұмысшыларға жағдай жасап, әлеуметтік мәселелерін шешіп, сонымен бірге бір мезгіл тегін тамақ беріп,  киім-жарағын біз өзіміз беріп отырмыз. Оның бәріне де біз көбірек көңіл бөліп, жоғары маркілі цементті Ресейге, онымен бірге дәл қазір біз Берарусьқа да жібере бастадық.
 
-Біз тағы бір отандық кәсіпкердің пікір тыңдағанды жөн көрдік. Ол кәсіпкер Нұрлан Құралов. Алдымен өзіңіздің кәсібіңіз туралы айтып өтсеңіз. Не саудалайсыз?  
 
-Біздің «Амангелді» ЖШС 120 гектар жерде асханалық жүзім өндіреміз. Және 200 гектар астам жерде алма, алмұрт, шабдалы, өрік, қараөрік секілді жеміс- жидектерді өсіреміз.
 
-Өнімдеріңізді Ресейге, Беларусь жағына қарай сатып жатырсыз ба?
 
-Енді осы Кедендік одақ ашылғалы бері Ресей нарығына кірдік. Ол үлкен нарық. Кедендік рәсімдеу, қосымша салықтар, фитосанитария алынып тасталған. Біздің өнімдеріміз Мәскеу, Новосібір, Омскі, Томскіде сатылып жатыр. Біздің өсіріп жатқан өнімдеріміз жүзім, шабдалы, өрік соларды тез арада пайдалану керек болған соң тұтынушыларға ертерек жеткізуге тырысамыз.
 
-Кедендік одақ аясында бәсеке әділ ме? Кедергілерге кезігіп қалып отырған жоқсыз ба?
 
-Нарық болғаннан кейін ол бәсекелестік әрине болуы керек. Ресей және Беларусь шаруалары да қарап отырмайды. Біздің бәсекеге қабілетті болуымыздың бір себебі  біздің табиғатымыз қолайлы. Күн нұры көп бізде.
 
Сосын жердің құнарына байланысты жемістің дәмі, тазалығы қызықтырып отыр. Былтыр «ҚазАгроның» көмегімен Мәскеуде үлкен көрме өткізіп, сол жерде өнімдеріміз үлкен сұранысқа ие болды. Сондықтан, биыл да Мәскеудің көптеген базарларымен келісімшартқа отырдық.
 
-Мемлекеттік сатып алуға қатыспақ ойыңыз жоқ па?
 
-Әрине, біздің мақсат мемлекеттік сатып алуға қатысу. Сол жақтағы тендерлерге қатысу. Сол жерде өндірген өнімдерімізді өткізу үлкен жұмыс,   әрине. Бұл жерде өкіметтен көмек керек.  
 
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
 
-Асылжан Сарыбайұлы, отандық нарықта Беларусь, Ресейдің тауарлары самсап тұр. Тұтынушыларға бұл жақсы. Біріншіден тауар сапалы, екіншіден бағасы да тәуір. Біздің кәсіпкерлердің жағдайы қандай? Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілердің өнімдері Беларусь еліндегі, Украинадағы нарықта өтімділігі қандай? Кәсіпкерлердің белсенділігі қандай?
 
-Иә, біздің нарығымызда бірқатар тауарлық позиция бойынша импорт бар және ол көп деп айтуға болады. Бірақ, біз сараптасақ негізгі 30 тауарлық позиция бойынша тек қана 5-6 позиция бойынша біздің өзіміздің қажеттілігімізді 80 пайызға дейін өтемей отырмыз.
 
Қалған 30-дың 25-ін біз 80 және 90 пайызға дейін өзіміздің қажеттілігімізге, өзімізідің өндіріс көзімізден жауып отырмыз. Ал, өтелмей отырған позициялар бойынша бұл. Ал, алма, құс еті, шұжық, сарымай, ірімшік секілді позициялар бойынша импорттың үлесі көп деп айтуға болады.
 
Қазіргі уақытта бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, мұнымен қатар біздің көптеген тауарларымыз экспортқа шығу қарқыны жылдан-жылға ұлғайып келе жатыр. Мысалға айтатын болсақ, біздің былтырғы жылғы осы Кедендік одақтағы нарыққа шығарған экспортымыз 2012 жылмен салыстырғанда 2 есе артты.
 
Бұл біз осы интеграциялық процестен ұтылып емес ұтып жатырмыз деген сөз. Біздің тауарларымыз, біздің кәсіпкерлеріміз осы бәсекелстікке шыдап жатыр және олардың әлеуеті көп. Ол енді ғана ашылып, іске асу жоспарларымыз көп. 
 
-Қазақстан - ірі бидай экспортері. Жыл сайын шамамен миллион тонна астық сыртқа жөнелтіледі. Көрші Ресей де шет мемлекеттерге астық тасымалдайды. Бір қарағанда, екі ел бәсекелес. Бірыңғай экономикалық кеңістік әр елдің одақ шеңберінен тыс сыртқы саудасына қалай әсер етпек?
 
-Ендігі Кеңестік үкімет жоққа шықанда, біздің осы ТМД елдеріміз өз ара келісімге шарт қойып, өзара бір-бірінің саудасын ешбір кедендік бажсыз саудагершілік жасауға келісім қойылған. Сондықтан, қазіргі уақыттағы Кедендік одақ және бірыңғай экономикалық кеңістіктің ішінде өзгеріп жатқан экономикалық шарттар байқалмайды.
 
Өзгеріп жатқаны өзара сауданың басқа кедендік емес, экономикалық емес басқада рәсімдері жеңілденеді. Мысалы, ет позициясы бойынша біздің фермерлеріміз Ресейге немесе Беларусь еліне сауда жасау үшін алдымен осы елдердің ветерианалдық атестациясынан өтіп, сосын олардың реестрына кіріп, сосын біздің сертификаттарды олардың сертификаттарына ауыстырып, сосын ғана өздерінің тауарларын Кедендік бақылаудан өткізіп сауда мүмкіншілігіне ие болады.
 
Қазіргі уақытта біздің ветерианалды сертификатымыз ешқандай бір дәлелденбей, еш жерге тексерілмей, осы сертификатпен ешбір Кедендік бақылаусыз басқа елдерге, осы Кедендік Одақтағы елдерге апарып сатуға мүмкіндік бар. Ал, логистикалық, транспорттық мәселесін алатын болсақ, біздің елміз ашық теңізі жоқ елдің қатарына кіреді.
 
Сондықтан да біз, осы ашық, үлкен теңіздерге шығу мүмкіндігіне ие болу өте маңызды. Сондықтан, бұл уақытта егер бұрын Кедендік одаққа дейін, бірыңғай экономикалық кеңістікке дейін егер Ресей арқылы, Беларусь арқылы біздің тауарларымыз өтетін болса, олардың біздің тауарларымызға тарифтері әлдеқайда өздерінің тауарларына қарағанда жоғары болатын. Қазір біркелкілендірілді.
 
Сондықтан, біздің тауарларымыз Ресей арқылы өткен кезде олардың тарифі азайып, тасмалдауы жеңілденіп, өзіндік құны азайып  бәсекелестікке шыдау мүмкіндігі артады.
 
-Қалай болғанда да кез келген мемлекет өзінің ішкі нарығын қорғайды, қолдайды. Бізде ішкі нарықты қорғаудың қандай тетіктері болғаны жөн?
 
-Бұл өте маңызды сұрақ. Бұл жерде біз тек тауар өндірушілерді емес, тауар тұтынушылармызды қорғауымыз керек. Өйткені, қазіргі уақытта біздің ауыл шаруашылығы саласынның сырт, басқа мемлекеттік органдардың әлеуетін, олардың құқықтарына кіретін бірқатар функциялар жөнді істемей отыр.
 
Олардың ішінде мысалы, техникалық реттеу функциясы. Соның әсерінен, салдарынан деуге де болады мысалы, сарымайдың орнына маргарин сатылып жатыр. Сүт деп мүлдем құрғақ сүттен немесе сояның майынан қосылған сондай тауар сатылып жатыр. Сондай мысалдарды көп келтіруге болады.
 
Сондықтан, олардың осы қосымшаларды қолданғаннан кейін бұл тауарлардың өзіндік құны төмендейді. Ол деген сөз біздің тауар өндірушілерге де зиянын келтіреді және біздің елімізде тұрып жатқан тұтынушыларымызға үлкен денсаулықтарына да зиян келтіреді.
 
Енді осы мәселе бойынша сарапшы маман Айжан Төлепбекованың пікірін тыңдайық. Мысалы, білім және ғылым, мәденит, заңсыз миграция мәселелері одақ шартына енген жоқ, Еуразиялық экономикалық комиссияның құзіретіне  кіретін нақты салалар және комиссия мүлдем араласа алмайтын шекара қандай?  
 
-Біріншіден, мен айтып өтуім керек- бұл жаңа бірлестік тек қана экономикалық одақ болып келеді. Бұл туралы біздің Елбасымыз Мәскеу, Минскде өтіп жатқан отырыстарда бірнеше рет айтып өтті.
 
Екіншіден, бұл одақ құрылғаннан кейін біз Ресей империясына болмаса, Кеңес одағына қайтып келуіміз мүмкін деген ой бұл менің ойымш, бос әңгіме. Себебі, интеграцияның негізгі принциптері бұл - біріншіден экономикалық провматизм және ашықтық пен теңдік.
 
Үшіншіден, бұл одақ біздің Ұлттық тіліміз, қазақ тіліне негативті әсер беру мүмкін деген сөздер болып жатыр. Бірақ, бұл дұрыс емес. Себебі, орыс тілі бұл тек қана осы одақтағы жұмыс тілі, ресми тілі. Бұл одақта шешімдер қабылданғанда Қазақстанның құқықтары ешқашанда шектелінбейді.
 
Себебі, одақ ішінде бүкіл шешімдер дауыс беру арқылы қабылданады. Сіз айтып жатырсыз әлеуметтік, мәдениет салалары бұл жерге кірмейді деп. Әрине, бұл тек қана экономикалық одақ болған соң, бұл сұрақтар бұл жерде қарастырылмайды, және айтып өту керек үш елдің арасында әлеуметтік және мәдени интеграция әлдеқашан басталып кеткен.
 
-Экономикалық салалар, соның ішінде нақты-нақты қай салалар? Мысалы, болашақта тарифтер сәйкестендіріледі. Энергетикалық тарифтер. Қаржы жүйесі сәйкестендіріледі. Осы реттегі қадамдар қандай болады?
 
-Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысында осы төрт негізгі принциптермен жұмыс жасайды. Бұл біріншіден – капитал. Екіншіден, қызметтер. Бұл жерде тауарлар және услуга деп айтады. Үшінщіден, бұл еңбек күшінін еркін қозғалуы. Бұл саладан басқа салалар қарастырылмайды.
 
-Тағы бір мәселе. Біз бұғанға дейін бір қатар кәсіпкерлермен пікірлестік   Және кәсіпкерлерді мүддесін қорғайтын мемлекеттік органдардың өкілдерімен пікірлестік. Ендігі мәселе тұтынушылар бұл одақтан не ұтады?
 
-Тұтынушылар. Бұл өте қиын сұрақ деп айтсам болады. Себебі, бір жақтан тұтынушыларымыз бүгін бізге айтады, біз одаққа кіріп жатырмыз. Базарға барсаңыздар нарықтар көтеріліп жатыр деп. Иә, біз оны түсінеміз. Бірақ, уақыт өткен сайын біздің кәсіпкерлеріміз дамып, жоғары деңгейде бәсекелестікке қарсы келгенде тұтынушымыздың негізгі ұтқаны бұл – біріншіден, сапа, Сапалы тауарлар. Екіншіден, бұл өте бай ассортимент болып келеді. Бірақ, бұл үшін азырақ уақыт керек.
 
Жайнагүл Төлеміс, тілші:
Ұсақ саудададан   қай мемлекетке де  келіп-кетер   табыс елеусіз. Сондықтан, интеграция қарапайым алыс-берістен көрі, кәсіпорындардың күрделі кооперацияға бірігіп, нарықта  өндірістік алыптарды қалыптастыруды да көздейді.  Ал,  мықты бизнеспен   бірге елдің де әлеуеті арта түседі.  Алыптар бізге қарай бет бұрады,  инвестиция толастамайды. Ендеше біз қазір ынтымақтасудың ел үшін  шешуші сатысында тұрмыз. Бастысы - бағытымыз айқын, таңдауымыз дұрыс.
 
Жайнагүл ТӨЛЕМІС, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының журналисі

Хабарламаларға жазылу