Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

11.04.2014
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы басталды
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Қазақстанда бизнесті өркендету үшін күш-жігерімізді салып келе жатырмыз. Осы бағытта тиісті тапсырмалар беріп, бірнеше рет мораторий жариялап, тексерулер шектелді. Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін дамудағы ілгерілеуде бизнеске басымдық берілді. Бизнесті өркендетпей, экономикамызды өсіру мүмкін емес», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
 
Осы орайда Президент шаруашылығы мен активі бар қалталы азаматтар экономиканы көтеруге атсалысуы керектігін қадап айтты.
 
«Тәуелсіздік жылдары сіздерді мемлекет өсірді. Тәжірибелеріңіз жетіспей, сүріндіңіздер, қателескен кездеріңіз болды. Қазіргі кезде мемлекет те көмек жасауға қауқарлы, сондай-ақ, сіздер де ішкі инвестициялар есебінен елді көтеруді бастай аласыздар», - деді Президент бизнесмендерге.

Хабарламаларға жазылу