ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі өтуде

27.05.2016
ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі өтуде

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысы «Астана - халықаралық қаржы орталығы» тақырыбымен басталды.

Кеңес отырысын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Жалпы, бүгінгі алқалы жиында онға жуық спикердің сөз сөйлеуі күтілуде. Олардың қатарында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, «JP Morgan Chase International» Директорлар кеңесінің төрағасы  Джейкоб Френкель, «ERG Sarl» Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич және басқалары бар.

Айта кетейік, Шетел инвесторлары кеңесі Қазақстан Президентінің төрағалығымен жүзеге асырылатын кеңесші-консультативті орган болып саналады. Кеңес 1998 жылы елдегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартумен тікелей байланысты өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей үнқатысуды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Елдің инвестициялық саясаты мен экономикалық дамуының басты аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу Кеңестің басты міндеті саналады.

Хабарламаларға жазылу