Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Италияда өткен турнирде топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Италияда өткен турнирде топ жарды

31.03.2014
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Италияда өткен турнирде топ жарды
Италияның Сельва-ди-Валь-Гарден қаласында Gardena Spring Trophy турнирінде 14 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева  жеңіске жетті. 
 
Жасөспірімдер арасындағы жарыста сынға түскен қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадан кейін екінші орында тұрғанымен, еркін бағдарламада қарсыластарын басып озды. Ол екі кезең қорытындысы бойынша 157,86 ұпай жинады.
 
Екінші орынды 143,26 ұпай жинаған АҚШ спортшысы Эшли Шин иеленді. Ол оның отандасы Брэйди Теннел 140,56 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
 
Айта кетейік, бұл турнир 20 жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Кезінде бұл жарыста Мишель Кван, Саша Коэн және Каролина Костнер сында танымал мәнерлеп сырғанаушылар жеңіске жеткен.

Хабарламаларға жазылу