EXPO-2017 құрылысы кезінде 20 мың жұмыс орны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 құрылысы кезінде 20 мың жұмыс орны ашылады

31.03.2014
EXPO-2017 құрылысы кезінде 20 мың жұмыс орны ашылады
EXPO-2017 барысындағы құрылыс кезеңінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
 
Ермегияевтың ойымша, көрме айтарлықтай экономикалық нәтижеге қол жеткізеді. «Бұл ауқымды шара шағын және орта бизнеске, қызмет көрсету саласына едәуір пайда тигізеді. Егер біз құрылыс саласын ескеретін болсақ, онда көрмені өткізу мен оған дейінгі кезеңде 20 мыңға тарта жұмыс орындары қамтамасыз етіледі», - деді ол.
 
Алдағы екі аптада Ұлттық компанияның басшысы көрмені өткізуге жұмсалатын жалпы шығыстар туралы хабарлайтынын айтты.
 
«Көрме құнына тоқталатын болсақ, ол техникалық-экономикалық негіздеме жасалғаннан кейін анықталады. Қазіргі кезде біз оны аяқтауға жақындадық. Меніңше, алдағы екі аптада біз техникалық-экономикалық негіздемеге сараптаманы алатын боламыз. Онда бұл жобаның базалық құны аясында алдын ала сандар көрсетіледі»,  - деп нақтылап өтті Т. Ермегияев.

Хабарламаларға жазылу