1 сәуір күні Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылының Мәдениет үйінде сатираның дамуына елеулі үлес қосқан атақты сықақшы Оспанхан Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған кеш өтпек.
Осыған орай «Таңшолпан» бағдарламасында аталмыш кештің ұйымдастырушысы, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы қонақта болды.
«Филология ғылымдарының кандидаты, баспагер Темірғали Көпбаев «Оспанханның толық шығармалар жинағы» деген атаумен Оспанхан Әубәкіровтің төрт томдығын шығарғалы жатыр. Кеш қонақтарына осы томдықтарды тарту етпекпіз».
«Алғашқыда «Бауыржан-шоу», «Тамаша» сынды әзіл-сықақ театрлары осы Оспанханның шығармаларымен көрінді. Қазіргі театрлардың неге аты шықпайды? Себебі, олар Оспанханды оқымайды»,-дейді жазушы.
Сұхбаттың толық нұсқасын және сықақшы туралы арнайы сюжетті «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар.