Қазақ халқын әлемге танытып кеткен ерекше дарын иесі, иллюзионист Алтынай Байтоқанованың өмірден өткеніне – 1 жыл толды.
7 минут ішінде 14 көйлек ауыстырып, Қытайда өткен халықаралық байқауда бас жүлдені иеленген ол, ұлттық сиқыр өнерінің іргетасын қалады.
Ол сондай-ақ, әлемдік бірталай байқауларға қатысып, иллюзионистік жанрдың шебері ретінде талай елді талантына бас игізді.
Иллюзия жанрын ұлықтауда өмірін өнерге арнаған сиқыршы көптің жүрегінде мәңгі сақталмақ.