Оңтүстік Қазақстан облысында жас суретшілердің республикалық байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жас суретшілердің республикалық байқауы өтті

04.04.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында жас суретшілердің республикалық байқауы өтті

Шымкент пен Түркістан қалаларында ұйымдастырылған бұл байқауға еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық шәкірттер қатысып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Көрме ретінде өткізілген шараға Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қожа Ахмет Яссауидің өмірден өткеніне 850 жыл толуына арналған туындылар қойылған.

Аталған республикалық байқауда әділ қазылар алқасы жалпы 65 баланың өнерін ең үздік деп бағалап, жеңімпаздар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Хабарламаларға жазылу