Америкалық «General Motors» автокөлік концерні оталдыру тетігіндегі проблемаларға байланысты барша әлем бойынша шағын литражды тағы миллионға жуық көлікті қайтарып жатыр.
Тексеру барысында көліктің аталған тетігіндегі ақауға байланысты жүздеген оқиға тіркеліп, соның салдарынан 12 адамның өмірі қиылған көрінеді.
Компанияның хабарлауынша, қайтарылып жатқан көліктер, негізінен 2007-2011 жылдары шығарылған және АҚШ-та сатылған. Осы машиналардағы оталдыру тетігі барлық электронды жүйенің ажыратылуына себепші болуы мүмкін.
Ақпан айында GM 1,6 миллионнан астам ескі модельдерді қайтару туралы шешім шығарған болатын.
Сонымен қатар, концернге оның көліктеріндегі өзге де кемшіліктерге байланысты тексеру жүргізілуі мүмкін. Атап айтқанда, автокөліктерде қауіпсіздік жастығының дұрыс іске қосылмауы секілді жағдайлары байқалған екен.