Бүгін Астанада бір сағатқа жарық сөндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада бір сағатқа жарық сөндіріледі

29.03.2014
Бүгін Астанада бір сағатқа жарық сөндіріледі
Бүгін,  Астанада жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да «Жер сағаты» жаһандық акциясы өтеді. Шара табиғатты сақтаудың, планетамыздағы шектеулі ресурстарға қамқорлық көрсетудің нышаны саналады.
 
Белгіленген уақытта әлемнің түрлі елдеріндегі адамдар климаттың өзгеруімен күрес идеясына қолдау көрсету үшін бір сағатқа жарықты сөндіреді. Акцияға Қазақстанның бас қаласы да қосылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Тұрақты даму» Жер қорынан хабарлады. 
 
Өткен жылы акцияға әлемнің 150 елінен 2 миллиард адам қатысқан. «Жер сағаты» кезінде ғимараттарда жарық сөндіріледі. Биыл олардың қатарына Алматы қаласындағы «Көктөбе» телемұнарасы, «Астана-Бәйтерек» монументі, Мәскеу Кремлі, «Эйфель» мұнарасы, «Big Ben», Рим Колизейі және басқа да жүздеген ғимарат еніп отыр.  
 
Астанадағы іс-шара аясында қызықты бағдарлама әзірленіп, музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді, би думаны ұйымдастырылып, Қазақстан тарихында алғаш рет ең көп қағаз ұшақтар ұшырылады.
 
Сонымен қатар, қатысушыларға керемет тосынсый жасалмақ. 
 
Биыл «Жер сағаты-2014» қалалық жасыл аймақтарды абаттандыру және орманды сақтау мен қалпына келтіру мақсатында «Ағаш отырғызу күні» қамқорлығымен өтеді.

Хабарламаларға жазылу