Қазақстанда Франкофония фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Франкофония фестивалі өтеді

11.03.2015
Қазақстанда  Франкофония фестивалі өтеді

Франкофония, бұл - француз тілінде сөйлейтін елдердің дәстүрлі мейрамы. Шара аясында француз тілі кеңінен қолданылатын Франция, Швейцария, Бельгия, Канада секілді елдер бірлесіп, өздерінің мәдени құндылықтарын таныстырады.

Сондай-ақ, биыл бұл шараға Египет бірінші рет қатысқалы отыр. Аталған елдердің елшіліктері қазақстандық көрермендердің назарына өздерінің отандық фильмдерін, ән, жыр кештерін және көрмесін ұсынады. Биылғы фестиваль 14-20 наурыз аралығында Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында аталып өтпек.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу