Қазақстанның халықаралық резерві 97,6 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлімдеді.
Елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа алтын-валюта резервтер мен Ұлттық қор толығымен байланысты екендігін атап өткен Қуат Қожахметов: «Осы жылдың басынан бері жалпы елдің халықаралық резервтері 2,5 пайызға ұлғайып, ақпанның соңында 97,6 миллиард АҚШ долларын құрады», - деді.
Сонымен қатар, ол банк депозиттерінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 9,4 пайызға өсіп, 11 триллион теңгеге дейін артқанын атап өтті.