Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бас банкир Президентке инфляцияның өсуі мен инфляциялық болжамдар туралы баяндады. Сондай-ақ, 2016 жылдан бері алғаш рет Қазақстанның жалпы халықаралық резерв көлемі 95 миллиард АҚШ долларына жеткенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ерболат Досаев Президент қабылдауында болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/141611/)