«Барыс» бүгін «Салават Юлаевты» қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» бүгін «Салават Юлаевты» қабылдайды

27.03.2014
«Барыс» бүгін «Салават Юлаевты» қабылдайды
Бүгін Астанада «Барыс» хоккей клубы уфалық «Салават Юлаев» командасын қабылдайды. «Қазақстан» спорт сарайында өтетін ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты – 19:00.
 
Естеріңізге сала кетейік, сериядағы есепте 3:1 есебімен уфалықтар алда келеді. Ал бұл серия төрт жеңіске дейін созылады, сондықтан бүгінгі ойында Ари-Пекка Селин шәкірттері жеңіске жету үшін бар күшін салуы керек.
 
Бұған дейін, Астанада өткен бірінші ойында «Салават Юлаев» овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші ойында «Барыс» 5:2 есебімен ұтты. Сырт айдында уфалықтар 5:2 және 3:2 (ОТ) жеңіске жетті.
 
Айта кетейік, бұл ойынға қонақтардың шабуылшысы Егор Дубровский жарақатына байланысты қатыспайтын болды.  Ол осы уақытқа дейін плей-офф сериясында алты ұпай жинап, үздік ойыншылар қатарына енген еді.

Хабарламаларға жазылу