Атырау облысы: Ата-аналар балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартуда
Атырауда діни ұстанымды желеу етіп, балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартқан ата-аналар саны артып келеді.
«Облыс бойынша барлығы шамамен мың отбасы балаларын тулберкулезге қарсы ектіруден бас тартты. Олардың басым көпшілігі - 90 пайызғы жуығы - оны діни себептермен түсіндірді», - деп хабарлады баспасөз мәслихатында облыстық Туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Жаңабай Сағиев.
Сонымен бірге, облыста соңғы жылдары тұтастай алғанда балалардың туберкулезге шалдығуы азайып келе жатқанымен, көрсеткіш әлі де қуантарлықтай емес екенін атап өткен жөн.
Мысалы, 2012 жылы туберкулезге шалдыққандар саны - 560 адам болса, ал өткен жылы – 509 адамды құраған. Олардың арасында жаңадан туған сәбилер де бар.
Өткен жылы Павлодар облысында 150 ата-ана балаларына екпе салғызудан бас тартқаны хабарланған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18