Қазақ киносының алтын қоры – Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ киносының алтын қоры – Ұлттық арнада

22.03.2014
Қазақ киносының алтын қоры – Ұлттық арнада
Қазақ халқының әдеби мұрасының, жауһар туындысының бірі – «Қыз Жібек» жыры.
 
Осы  жырдың желісімен түсірілген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған.
 
Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов Жібек пен Төлегеннің махаббатын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсетуге ұмтылған. 
 
Фильм музыкасын жазған Нұрғиса Тілендиев онда халқымыздың әншілік, күйшілік өнерін барынша көрсете алған. Ал туындыдағы әуендердің кестелі мәтіні - Қадыр Мырза Әлінің қолтаңбасы.
 
Туындының  бас суретшісі Гүлфайруз Ысмайылова киноны көркем безендіру үшін мың жарымнан астам эскиз жасаған екен.
 
Фильмді Ұлттық арнадан  бүгін сағат 00.20-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу