Енді ҚМДБ-ның рұқсатынсыз ешкім шетелге діни оқуға бара алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді ҚМДБ-ның рұқсатынсыз ешкім шетелге діни оқуға бара алмайды

20.03.2014
Енді ҚМДБ-ның рұқсатынсыз ешкім шетелге діни оқуға бара алмайды
Бұдан былай шетелге діни оқуға баратындар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы рұқсат қағаз алуы шарт. Ел азаматтары қажетті құжатты алған жағдайда ғана жіберіледі. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының  Мысырға жасаған сапарында осындай келісімшартқа қол қойылды.
 
Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарлады.
 
Ержан қажы Маямеров Мысыр мүфтиі шейх Шауқи Ибраһиммен кездесуінде дін мамандарының білімі мен біліктілігі туралы ұсыныс-пікірімен бөлісті. Екіжақты кездесуде дін қайраткерлері өзара келісім мен ынтымақтастық туралы келісімшарт құжатына қол қойды. Аталған құжатта отандастарымыз тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы рұқсат қағаз алған жағдайда ғана Мысырда діни ілім алуына мүмкіндік берілетіні айқын көрсетілген.
 
«Әл-Азһар университетіне Қазақстан азаматтары тек ҚМДБ-ның жазбаша келісімі және оны Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің куәландыруы арқылы қабылданады», - делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Әл-Азһар университеті арасындағы білім, ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы келісім құжатында.

Хабарламаларға жазылу