Қытай астанасында Абай ескерткіші орнатылды
Қытай астанасының орталығындағы «Чаоян» саябағында қазақтың ұлы ойшылы Абайға арналған ескерткіш ашылды. Шара ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовтың Қытайға жасаған сапары барысында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ерлан Ыдырысов Қазақстан елшілігіне, Қытай астанасында Абайдың ескерткішін орнату туралы идея бастамашысы мен мүсіннің авторы Юань Сикуньға алғысын білдірді.
«Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 22 жыл ішінде Бейжіңде қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің ашылуы екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан ерекше үлес», - деп атап өтті ол.
Ашылу салтанатына қатысқан мүсінші Юань Сикунь да сөз сөйледі. Ол: «бүгін ресми түрде «Чаоян» саябағында Абайдың мүсінін орнату арқылы біз ұлы ақынды мәңгі есте қалдырдық», деді.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Қытайда тіркелген дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері, сонымен бірге, қытай суретшілері мен ақындары қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04