«Қазатомпромнан» миллиард теңгеден астам қаражат ұрланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазатомпромнан» миллиард теңгеден астам қаражат ұрланған

17.03.2014
«Қазатомпромнан» миллиард теңгеден астам қаражат ұрланған
Қаржы полициясы «Қазавтомпром» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қаражатын жымқырды деген күдікпен кәсіпкер Розмат Әлібековті ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
 
«2014 жылғы 15 наурызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері «Сырдария-жоба Құрылыс» ЖШС-ның директоры Әлібеков Розматты ұстады. Ол құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер өз фирмасына бөлінген «Қазатомпром» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 1,3 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқырды деп айыпталуда», - делінген хабарламада.
 
Қаржы полициясының деректеріне сүйенсек, Розмат Әлібеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы есебінде ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ретінде тіркелген.

Розмат Әлібековке қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе шешілуде, қылмыстық іс тергелу үстінде.

Хабарламаларға жазылу