Отандық медицинада кардиохирургия дамып келеді

26.08.2014
Отандық медицинада кардиохирургия дамып келеді

Қарағандының кардиохирургиялық орталығы кеңейді. Емдеу мекемесінің жүрек-қан тамырларына операция жасайтын тағы бір заманауи үлгідегі бөлімі іске қосылды.

Жаңа нысанды салуға қазынадан 2 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Ал ішін заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау үшін тағы 1 миллиард теңгеден астам қаржы құйылған.

Соның негізінде енді жылына 5000-ға жуық күрделі кардиохирургиялық операция жасауға мүмкіндік туып отыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу