Заңсыз иеленген актив пен қаржы қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз иеленген актив пен қаржы қайтарылды

28.12.2022

Мемлекет заңсыз алынған жерді ғана емес, басқа да ақша мен мүлікті қайтарып жатыр. Биыл құны 600 миллиард теңгеден астам заңсыз иеленген актив пен қаржы мемлекетке қайтарылды. Олардың қатарында қымбат мүлік пен автомобильдер, бағалы бұйымдар және қолма-қол ақша бар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Бұдан өзге, жалпы сомасы 360 миллиард теңгеден астам мүлік, автокөлік пен қаржы жымқырылғаны белгілі болды. Оның бірқатары шет мемлекеттерге асырылған. Қазір оны қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр. Агенттіктің хабарлауынша, қайтарылған қаражат Президент тапсырмасы бойынша мектептердің салынуына жұмсалады.  

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу