Қазақстандық велошабандоз Эквадорда қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық велошабандоз Эквадорда қайтыс болды

17.03.2014
Қазақстандық велошабандоз  Эквадорда қайтыс болды
Эквадорда қазақстандық велошабандоз Ерлан Пернебеков қайтыс болды, деп хабарлайды «Астана» велокомандасының баспасөз қызметі.
 
Спортшы «Астана» командасымен бірге Эквадорда жаттығу жиынын өткізген. 14 наурызда кезекті жаттығудан кейін Ерлан Пернебеков басының ауырғанын айтқан. Кейін ол жедел түрде ауруханаға жатқызылады.  
 
Дәрігерлердің түсіндіруінше, спортшының тамыры жарылуынан инсульт болған. Велошабандоз жасанды кома жағдайына енгізілді. Дегенмен дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады. Ауруханада  оның жанында команданың жаттықтырушысы Владимир Ремыга болған.
 
Қазіргі уақытта ҚР Сыртқы істер министрлігі мен команда әкімшілігі спортшыны елге жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
 

Хабарламаларға жазылу