Қазақстанда тұңғыш рет кәсіби заңгерлер арасындағы байқау басталды. Байқау тақырыбы: «Қазақстанның заң саласындағы өзгертуге тиіс мәселелер және оның әкелетін пайдасы».
Ұйымдастырушы: Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева және zakon.kz порталы. Үздік ұсыныстар Парламентте қаралатын болады.
Мақсат – ел болашағына бей-жай қарамайтын, мәселелердің тиімді шешілу жолын ұсынушы таланттарға қолдау көрсету.
Байқау 2014 жылдың 11-наурызынан 11 мамырына дейін жалғасады.
Бас жүлде – 1,5 миллион теңге;
ІІ орын - 1 миллион;
ІІІ орынға - 700 000 мың теңге беріледі.
Сондай-ақ, қосымша үш тақырыптық номинация бойынша жүлдегерлер анықталады:
І Елдің әлеуметтік-мәдени дамуын заңдық тұрғыда реттеу;
ІІ Азаматтық құқық бойынша үздік жұмыс;
ІІІ Ақпараттық құқық бойынша үздік жұмыс.
Байқауға экономика және заң саласында қызмет ететін тұлғалар, осы салалар бойынша білім алып жатқан жоғары оқу орнының студенттері, сондай-ақ, аталмыш салаларға қатысты арнайы курстан өткендер қатыса алады.
Марапаттау рәсімі 2014 жылдың маусым айында Астана қаласында өтеді.