Қолөнер – қазақ халқының тарихында ерекше орын алады
Еліміздің EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындығы әлем назарын аударып отыр. Елордада осы мақсатта қолға алынып жатқан істер көптеп саналады. Қазақ халқының қалыптасуын қолөнерінсіз елетете алу мүмкін емес.
Күнделікті тұрмысқа қажетті заттардан бастап, үй-жайына дейін өрнектеп, оюлап жасауға келгенде, зергерлік пен ұсталықтың үлгісі бізде деуге әбден болады. Кілем, сырмақ, ши тоқып, киіз үй сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық, алтыбақан, асадал, бесік жасаған ата-бабаларымыз – нағыз қолөнер шеберлігін көрсеткен.
1871 жылы Семейдегі көрме ұйымдастыру комитетінің хаттама-құжаттарында қазақ халқының ешбір токарлық станоксыз, қашау мен пышақ арқылы тұтас қайыңнан ыдыстарды өте шебер жасайтыны баяндалған.
Жалпы, қазақта қолөнер шеберлерінің жасаған ыдыстарының өзі – 65, ал музыкалық аспаптары – 18 түрлі.
Осындай ұлттық өнерді жалғастырып келе жатқан Әлия Хамзақызы алғашқы дүниелерін немересіне арнап жасағанын айтады. «Негізі әкем ағаштан түйін түйген адам болған. Түрлі қайықтар жасайтын. Ал анам тоқыма, алаша тоқитын, киім тігетін. Қолынан бәрі келетін»,-дейді.
«Мұндай дүниелерді жасау, ынта болса, кез келген адамның қолынан келеді. Көңіл қалаған іспен айналысса, адам бір демалып қалады»,-дейді қолөнер шебері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
28.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 20:03
Айдос Мырзахметов басшылық құраммен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді
28.09.2026, 20:02
Алматыда екі рет жер дүмпуі болды
28.09.2026, 20:00
Азия ойындары: Қоржынға тағы 5 медаль түсті
28.09.2026, 17:38
Бір топ жүлдегер елге оралды
28.09.2026, 17:37
М.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36