Венесуэла президенті радиобағдарлама жүргізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла президенті радиобағдарлама жүргізбек

12.03.2014
Венесуэла президенті радиобағдарлама жүргізбек
Венесуэла президенті Николас Мадуро «Мадуромен байланыста» атты радиобағдарлама жүргізбек, деп хабарлайды itar-tass.com.
 
Мемлекет басшысының ойынша, бұл елдегі болып жатқан мәселелерді тікелей эфирде талқылап, қоғамдық сынға жедел әрекет етуге ықпал етпек.
 
Алғашқы бағдарлама эфирге 11 наурызда шықты.
 
Сондай-ақ, Мадуро бұл қадам әлеуметтік желілерде венесуэлалықтармен байланыстың жаңа түріне шығуға көмектеседі, деп санайды.
 
Жүргізуші ретінде журналист Десире Сантос Амарал мен бұрынғы депутат Роберт Малаверді шақырған.
 
Айта кетейік, Мадуроға жол сілтеуші Уго Чавес ел басқарған кезінде  14 жылға жуық уақыт «Алло, президент» атты телебағдарлама жүргізген.

Хабарламаларға жазылу