Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен 18 жастағы Альберт Линдер 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 298 (132+166) келіні еңсерген болатын.
Ал 62 келіде Әділбек Балқаев екі жаттығу қортындысы бойынша 269 келіні (122+147) көтеріп, өз салмағында төртінші орыннан көрінді.
Айта кетейік, бұған дейін 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Селімхан Әбубәкіров қоссайыс нәтижесі ойынша 350 келі (160+190) көтеріп, Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
69 келіде сынға түскен зілтемірші Михаил Макеев күміс медальді еншілесе, 56 келіде Тимур Хасаров 7-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды confederation.kz.