Орталық Азиядағы діни ахуал

15.01.2017
Өткен ғасырда ағылшын геосаясатшысы Хэлфорд Джон Маккиндер Орталық Азияны «әлемнің жүрегі» деген болатын. Шынында да біз жайлаған ұланғайыр аймақтың жыл өткен сайын әлемдегі геостратегиялық маңыздылығы артуда.

Дүниенің билеп-төстеушісі, алпауыттары біздің аймаққа бет бұрған, дәмелі. Егемендіктің алғашқы күнінен-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар арқылы, қала берді түрлі идеологиялық құралдарды жамылып қойын-қонышымызға дендей енді. Әсіресе, оң-солымызды толық танып бола бермеген Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары үй-үйді аралап, мешіт жағалаған діни миссионерлер әлі күнге дейін көз алдымызда. Жалпы, Орталық Азияны ордалы жыландай жайлауға ұмтылған, жаттың радикал ағымдарына жем болмау үшін не істемек керек?

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу