EXPO-2017 көрмесіне қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесіне қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді

11.03.2014
EXPO-2017 көрмесіне қосымша  10 миллиард теңге бөлінеді
Қазақстанның ауқымды жобаларын іске асыруға Үкімет бюджеттен қосымша қаржы бөледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
 
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің ұлттық жоспарын іске асыру мақсатында қосымша10 миллиард теңге бөлінеді», - деді министр.

Сонымен қатар Е. Досаев  EXPO-2017,  2017 жылғы Қысқы Универсиаданы өткізу аясында Астана және Алматы қалаларын қолдауға және дамытуға тиісінше 15 миллиард теңгеден нысаналы трансферттер бағыттау жоспарланғанын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу