Маңғыстау облысында 1,1 миллион теңгенің зергерлік бұйымдары ұрланды
Мереке алдында Маңғыстау облысында оннан астам зергерлік бұйымдар ұрлығы болды, деп хабарлайды Lada.kz құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Түпқараған ауданы Сайын ауылының 35 жастағы тұрғыны 7 наурыз күні таңғы 06.00 мен 14.00 аралығында үйіне терезе арқылы кірген белгісіз біреулер әшекей бұйымдарын ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Ұрылар 450 мың теңгенің зергерлік бұйымдарын үптеп кеткен.
Сол күні қаскөйлер аталмыш ауылдағы тағы бір үйге түсіп, жалпы құны 350 мың теңгені құраған әшекей заттары мен Canon маркалы фотоаппаратты қолды қылған.
Дәл осындай қылмыс Жаңаөзенде де болған. Қаланың 46 жастағы тұрғынының үйіне терезені сындырып кірген ұры 200 мың теңгенің затын алып кеткен. Сондай-ақ Ақтау қаласының 14 шағын ауданында тұратын әйелдің үйіне түскен ұрлықшылар 150 мың теңгенің әшекейін алып кеткен.
Қазір аталған қылмыстарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркиядағы қазақ ауылында Наурыз тойланды
16.04.2026, 13:30
Оқушылар мен студенттер арасында хакатон басталды
16.04.2026, 13:27
Гвардейск гарнизонында 600 сарбаз мамандық алып шықты
16.04.2026, 13:24
Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты кеңейтеді
16.04.2026, 13:21
Қазақстанмен кеден саласында Еуропалық Одақ ынтымақты күшейтпек
16.04.2026, 13:18
Вашингтон Тегеранмен келісім жасауға үмітті
16.04.2026, 13:15
Екібастұзда бұзақылар дәрігер мен медбикені соққыға жықты
16.04.2026, 13:12
Павлодарда сарбаз қаруласын жаралап, өзі атылып өлді
16.04.2026, 13:09