«Ақтөбе» - «Шахтер»: Матч тартысты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе» - «Шахтер»: Матч тартысты өтуде

09.03.2014
«Ақтөбе» - «Шахтер»: Матч тартысты өтуде
«Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Суперкубок иегерін анықтауға арналған «Ақтөбе» мен «Шахтер» арасындағы матч өтуде.
 
Бірінші тайм бойынша, есеп - 0 : 0
 
«Шахтердің» бас жаттықтырушысы  Виктор Кумыков өз командасының бұл маусымда шеберлігі арта  түскеніне, енді еврокубок баспалдағымен жоғары көтеріле беретініне сенімді.
 
Ал «Ақтөбенің» бас жаттықтырушысы Владимир Никитенко маусымаралық матчтардағы сәтсіздіктерін жоққа шығармайды. Алайда, командаға тағы бір легионер тартуға уәде берді.
 
Айта кетейік, өткен маусымда «Ақтөбе» ел чемпионы болса, қарағандылық «Шахтер» Ұлттық кубоктың иегері атанды.
 
Бұл ойынға  өскемендік төреші Руслан Дузмамбетов қазылық жасауда. Оған алматылық Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектесуде.

Хабарламаларға жазылу