Баскетболдан Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баскетболдан Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

25.09.2015
Баскетболдан Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Қытайдың Чанше қаласында баскетболдан ерлер командалары арасында  Азия чемпионаты өтуде. Құрлықтық бәсеке аясында жерлестеріміз екінші ойынын қытайлық Тайбэй құрамасымен өткізген.

Тартысты ойында қазақстандық баскетболшылар 84-73 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Ал, бірінші ойында еліміздің спортшылары Катар командасымен күш сынасып, 75-79 есебімен жеңілген болатын. Айта кетейін, бүгін біздің баскетболшылар Ливан спортшыларымен кездеседі.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу