Астанада 50 шақырым велосипед жолы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 50 шақырым велосипед жолы салынады

05.03.2014
Астанада 50 шақырым велосипед жолы салынады
Астанада велосипед жолдары құрылысының бірінші кезеңі 2017 жылы аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.
 
«ЕХРО-2017 көрмесіне орай Астанада велосипед жолдарын салу жобасы жасалған болатын. Оның бірінші кезеңі көрме басталатын жылы аяқталады», - деді ол бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
 
Айта кетейік, ЕХРО-2017 шарасының аясында Астанада 50 шақырым велосипед жолдары салыну көзделген. Оның құрылысы 2014 жылы басталады. Бүгінгі таңда елордада ұзындығы 4 шақырым велосипед жолы бар.

Хабарламаларға жазылу