7 шілдеде Астана қаласында велосипедтерді жалға беру жобасының тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 шілдеде Астана қаласында велосипедтерді жалға беру жобасының тұсауы кесіледі

06.07.2014
7 шілдеде Астана қаласында велосипедтерді жалға беру жобасының тұсауы кесіледі

7 шілде күні Астанада «Астана Bike» жобасының ашылу рәсімі өтеді. Бұл - тұрғындарға велосипедтерді жалға беру жобасы.

Жоба аясында  200 велосипед сатып алынып, қаланың сол жағалауында 40 бекет жасақталады (аумағы 13,5 шаршы шақырым).  Ал, жыл соңына дейін  велосипед саны мыңға жуықтайды.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігі, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылары, қоғам қайраткерлері, әйгілі спортшылар, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады деп күтілуде.

«Астана Bike» велосипедтерінің қызметін сату бөліміне барып, жеке бас куәлігі, мекенжай анықтамасы, VISA немесе MASTERCARD төлем картасы арқылы тіркеліп пайдалана аласыз.

Абоненттік карта алу үшін алдын ала төлемақы карточкасын жасату керек. Бір маусымдық қызмет құны 5000 теңге.

Велосипедті тек 30 минут ғана пайдалана аласыз. Бір велобекетте алынған көлікті келесі бекетте қалдырып кетуге мүмкіндігіңіз бар. Ал, қолдану уақытыңыз 30 минуттан асып кетсе, әр сағат үшін 100 теңге төлейсіз.

Хабарламаларға жазылу