Павлодарда шаңғыроллерлік трасса ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда шаңғыроллерлік трасса ашылды

21.07.2015
Павлодарда шаңғыроллерлік трасса ашылды

Павлодарлықтарға жаз айларында да шаңғы спортымен айналысуға мүмкіндік бар. Облыс орталығында шаңғыроллерлік трасса ашылды.

Оның ұзындығы -  үш шақырым. Жаңа трасса велосипед, скейт, роликті шаңғы және роликті конькимен сырғанауға арналған.

Республикалық жарыстарды өткізіп отыру мақсатында халықаралық стандарттарға лайықталып салынған. Қала тұрғындары мұнда келіп, спорттық жабдықтарды жалға алуларына болады.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу