Жұлдыздар бірігіп, кедейлікке қарсы ойын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұлдыздар бірігіп, кедейлікке қарсы ойын өткізеді

04.03.2014
Жұлдыздар бірігіп, кедейлікке қарсы ойын өткізеді
Луиш Фигу , Фабио Каннаваро және Рууд Гуллит  Роналдо  мен Зинеддин Зиданның шақыртуын қабыл алып, кедейлікке қарсы жыл сайын өтетін ойынға қатысатын болды. Осымен 11-ші рет ұйымдастырылған ойын  бүгін Берн қаласынында, Stade de  Suisse стадионында өтеді. Роналдо мен Зинеддин Зидан достары командасы жергілікті «Янг Бойз» командасының достары құрамасымен кездеседі.
 
2001-ші жылы «Алтын доп» жүлдесін алған португалиялық Луиш Фигу - «Мен бүгін жұртшылықты стадионға келіп, осы ойынды тамашалаумен қатар, Филиппин еліндегі кедейлікпен күреске  өз үлестерін қосуға шақырамын», - деді.
 
«Кедейлікпен күрес» атымен 11-ші рет өтетін жұлдыздардың біріккен ойынына 6 «Алтын доп» иегері,  8 әлем  чемпионы қатысады. Жұлдыздар матчының бас төрешісі – италиялық  Пьерлуиджи Коллина.
 
Роналдо  мен Зидан  достары командаларында ойнайтын футболшылар тізімі: Рууд Гуллит (Голландия), Жулиано Беллетти (Бразилия),Фабио Каннаваро (Италия), Джейми Каррагер (Англия), Фернанду Коуту (Португалия), Рональд де Бур (Голландия), Деку (Португалия), Джоване Элбер (Бразилия), Паулу Феррейра (Португалия), Луиш Фигу (Португалия), Дженнаро Гаттузо (Италия), Хакан Шюкюр (Түркия), Фернандо Йерро (Испания), Кристиан Карамбе (Франция), Йенс Леманн (Германия), Фредрик Юнгберг (Швеция), Клод Макелеле (Франция), Марта (Бразилия), Стив Макманаман (Англия), Гаиска Мендьета (Испания), Хидетоси Наката (Жапония), Павел Недвед (Чехия), Робер Пирес (Франция), Роберто Карлос (Бразилия), Мичел Сальгадо (Испания), Паулу Соуза (Португалия), Патрик Виейра (Франция), Кристиан Вьери (Италия), Джанлука Дзамбротта (Италия).
 
«Янг Бойз» командасының достары құрамасында клубтың қазіргі және бұрынғы ойыншылары бар. Оның ішінде Швейцария құрамасының бұрынғы ойыншылары - Стефан Шапиюза мен Хакан Якин бар
 
Бұл матчтен түскен қаржы Филлипинде болған «Хайянь» тайфунынан зардап шеккендерге көмек ретінде аударылады.

Хабарламаларға жазылу