Головкин Чавес қарсыластарының көшбасында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин Чавес қарсыластарының көшбасында тұр

04.03.2014
Головкин Чавес қарсыластарының көшбасында тұр
WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикандық Хулио Сезар Чавес кішінің келесі жекпе-жегінде қарсы жұдырықтасатын боксшылардың алдында тұр. Бұл тізімді америкалық Bleacher Report сайты жасаған.
 
Головкин орта салмақтағы бір рет те жеңіліс таппаған спортшы. Бұдан бұрын Чавес келесі жекпе-жегін Головкинмен өткізуді қалайтынын да айтқан болатын.
 
Головкин-Чавес жекпе-жегі екі жаққа да тиімді болар еді. Головкин жеңіліс тапқан қарсыластарының қатарына даңқты есімді тіркесе, Чавес өз кезегінде ең танымал боксшылардың бірімен өзін теңестіре алады. Ал HBO телеарнасы осы жекпе-жектен пайданың астында қалуы мүмкін.
 
Bleacher Report бұл тізімге Головкиннен басқа, аргентиналық Серхио Мартинесті, америкалық  Андре Уордты, британдық Карл Фрочты және тағы бір америкалық Брайан Веруды қосқан.

Хабарламаларға жазылу