Алғаш рет жасанды жүрек орнатылған адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғаш рет жасанды жүрек орнатылған адам қайтыс болды

04.03.2014
Алғаш рет жасанды жүрек орнатылған адам қайтыс болды
 
 
Францияда әлемде алғаш рет жасанды жүрек орнату отасы жасалған адам қайтыс болды. Ол жүректің бионикалық протезімен небәрі 75 күн өмір сүрген, деп хабарлайды Утро.ру. Париждің Жорж Помпид атындағы госпиталінің дәрігерлері 76 жастағы ер адамның өліміне не себеп болғанын әзірге айтпай отыр.
 
Жалпы, өткен жылы әлемдегі жүректің бионикалық протезін ауыстыру отасын париждік Жорж Помпид атындағы госпитальдің дәрігерлері жүзеге асырылған болатын. Сол кезде-ақ халаттылар ота сәтті өткенін және жасанды жүректің қызметі жақсы әрі қалыпты екенін мәлімдеген-ді.
 
Биоматериалдардан жасалған жүрек протезін Carmat компаниясы әзірлеген болатын. Ол адам жүрегі сияқты жұмыс істеп, физикалық жүктемелерді көтере алады. Сондай-ақ ол адам ағзасында бес жыл бойы жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу