Облыстық спорт басқармалары сынға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыстық спорт басқармалары сынға ұшырады

04.03.2014
Облыстық спорт басқармалары сынға ұшырады
Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кеңейтілген отырысында бұқаралық спортты дамыту мәселелері бойынша бірқатар мәселелер қозғалды. Агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев жүктелген міндеттерді орындамаған облыстық спорт басқармаларын сынға алды.
 
Айта кетейік, Маңғыстау облысында әлі күнге дейін спорттық мектеп-интернат жоқ. Сонымен қатар, жеңіл атлетикаға арналған стадион салынбаған. Ал велоспорттан бұл өңірден бірде-бір адам жарысқа қатыспайды.
 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бес ауданда мектептердегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне бөлінген 0,45 пайыз ақы төленбеген. Сонымен қатар, бес ауданға бір ғана нұсқаушы қызмет етеді.
 
Ал Алматы қаласындағы жеті ауданда спорт бөлімдері жоқ. Оңтүстік астананың 1,5 миллион халқымен 15 нұсқаушы ғана жұмыс істейді. Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында да аудандық спорт бөлімдері  толық ашылмаған.
 
Ал 360 мың халқы бар Алматы облысында 1 нұсқаушы ғана қызмет етеді. Бұл өңірде ұлттық спорт түрлері дамығанымен, облыс спортшылары республикалық жарыстарға қатыспайды.  
Сондай-ақ жаңадан салынған шаңғы-биатлон және тау шаңғысы базалары тиімді пайдаланбай келеді. Сочи Олимпиададасында шаңғымен тұғырдан секіруден қатысқан екі спортышымыз ең төменгі нәтижені көрсетті.
 
Қысқы спорт түрлері Атырау мен Маңғыстау облыстарында кенже дамыған. Ал спорттың бұл түрлерімен шынығатын балалардың саны Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында басым.
Агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев облыстық спорт басқармаларына бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдайды жасауды тапсырды.  Тіпті, шетелден жаттықтырушылар шақыруға да кеңес берді.

 

Хабарламаларға жазылу