Израиль тағы сынға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль тағы сынға ұшырады

02.04.2018

Мысыр және Иорданияның Сыртқы істер министрліктері Израильдің Газа секторындағы палестиналықтарға қарсы күш қолданғанын сынға алды.

Сыртқы саяси ведомстволар басшылары халықаралық қауымдастықты арабтарды азаптан құтқару үшін қажетті шараларды қолға алуға шақырды. Олардың мәлімдеуінше, осы кезде екі елдің де билігі Палестина тұрғындарының тәуелсіз мемлекетті құру құқығын мойындап отыр. 

Есте болса, наурыздың 30-да Газа секторының шекарасында арабтар мен Израиль әскерінің қақтығысы нәтижесінде 17 палестиналық қаза тауып, бір жарым мыңға жуығы жарақат алған еді. Полиция «Жер күніне» орай бейбіт шеруге шыққандарға қарсы резеңке оқтарды, көз жасаурататын газ бен таяқтарды қолданған.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу