Қазақ күресінен «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресінен «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді

04.11.2014
Қазақ күресінен «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді

Қарашаның 5-7-і  күндері Павлодар қаласында қазақ күресінен «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді.

Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан 400-ге жуық жас палуан қатысады.

Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық Қазақ күресі федерациясы мен жергілікті Дене шынықтыру және спорт басқармалары өткізді.

«Жас Барыс» республикалық турнирінің финалында қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған палуандар сынға түседі.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу