Денис Тен «Жыл спортшысы» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен «Жыл спортшысы» атанды

03.03.2014
Денис Тен «Жыл спортшысы» атанды
 
Сочи Олимпиадасы ойындарының қола жүлдегері Денис Тен 2013 жылдың қорытындысында «Жыл серпіні» аталымы бойынша «Жыл спортшысы» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. Байқау жеңімпазын бүгін Қазақстан Республикасының  Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің алқа мәжілісінде ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова марапаттады. 
 
«Бүгін біздің алқа мәжілісімізге 2013 жылдың қорытындысында «Жыл серпіні» аталымы бойынша «Жыл спортшысы» республикалық конкурсының жеңімпазы атанған Сочиде өткен ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен қатысып отыр»,- деді агенттік басшысы Т.Есентаев.

Осыдан кейін вице-премьер спортшыны байрақты бәсекедегі жеңісімен құттықтап, арнайы мүсінше мен диплом табыс етті.

Хабарламаларға жазылу