Бүгін алғаш рет Санкт-Петербургтегі Мариин-2 театрында композитор Мұқан Төлебаевтың қазақ операсының маржаны саналатын «Бiржан-Сарасы» орындалады.
Бiржан партиясын Мариин театрының солисі, Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның Халық әртісі Ахмет Ағади Қазақстан мен Татарстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаевамен шырқайды.
Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қарашада Алматы қаласында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында сахналанған. Ол кезде Біржан мен Сараны Әнуар Үмбетбаев пен Күләш Байсейітова сомдады.
Жарты ғасырдан астам уақыт өткенде мәңгілік опера 2013 жылдың 21 маусымында «Астана Опера» театрында қойылды. Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров операны жаңаша нұсқада ұсынды.