Ақтау қаласының тумасы Сочи Олимпиадасының жүлдегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қаласының тумасы Сочи Олимпиадасының жүлдегері атанды

18.02.2014
Ақтау қаласының тумасы Сочи Олимпиадасының жүлдегері атанды
  Ақтау қаласының тумасы Елена Ильиных Никита Кацалаповпен жұптасып Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан (мұз үстіндегі би) Ресей құрамасының қоржынына қола жүлде салды.
 
Елена Ильиных 1994 жылдың 25 сәуірінде Қазақстанда туған. Бірақ балалық шағында оның отбасы Мәскеге қоныс аударған. Төрт жасынан бастап мәнерлеп сырғанаумен шұғылдана бастаған.
 
Жаттықтырушылар оның жетістігін байқап, әуесқой топтан кәсіби топқа ауыстырған. 2005 жылы Елена Никита Кацалаповпен жұптасып билей бастайды. Алайда көп ұзамай бұл жұптың жаттығуы үзіледі. Дегенмен спортшылар 2008 жылдан бастап қайтадан бірге жаттыға бастайды.

Ильиных-Кацалапов жұбы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Олар 2009 жылы жасөспірімдер арасындағы біріншілікте жеңіске жетті, Ресей Кубогында, Венгрия және Польшада өткен турнирлерде жақсы нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан жұптық сайыста алтын медальді америкалық Мэрил Дэвис пен Чарли Уайт жеңіп алды, ал канадалық Тессе Вирчу мен Скотт Мойр «күмісті» місе тұтты.

Хабарламаларға жазылу