Финляндия Парламентінің спикері Ээро Хейнялуома Қазақстанмен байланыстарды нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгінгі брифингте Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
«Елімізде Финляндия Парламенті спикерінің ресми сапары басталғанын хабарлаймын. Бұл сапар алтыншы наурызға дейін жалғасады», - деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, Финляндия Парламентінің спикері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Мәжіліс және Сенат төрағаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірқатар мүшелерімен кездеспек.
«Спикер сапарының негізгі мақсаты - екі елдің арасындағы байланыстарға жаңа серпін беріп, жаңа жобаларды кеңінен талқылауға арналған», - деді Алтай Әбибуллаев.