Жамбыл облысында ірі жол апаты тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында ірі жол апаты тіркелді

03.03.2014
Жамбыл облысында ірі жол апаты тіркелді
Жамбыл облысында ірі жол апаты орын алды, құрбан болғандар бар, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
 
2 наурыз күні кешкілік Қордай ауданындағы Алматы-Ташкент жолының 175-шақырымында 2 жүргізушісі мен 53 жолаушысы бар «VanHool» жолаушылар автобусы Қырғызстаннан шыққан «Мерседес» шағын автобусымен соқтығысқан.
 
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты салдарынан «Мерседес» автобусының жүргізушісі мен сегіз жолаушысы қайтыс болған. Олардың кім екендігі анықталып жатыр. Сонымен бірге, түрлі жарақаттармен 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді, олардың арасында Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары бар.

Хабарламаларға жазылу