Шығыста малдың кесірінен жол апаты көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста малдың кесірінен жол апаты көбейген

03.10.2022

Шығыста күз түскелі қараусыз мал көбейді. Соның кесірінен жол апаты да жиілеп кеткен. Жылқы мен сиыр күндіз-түні жолдың бойында жайылады. Тек өткен айда көлікке соғылған малдың кесірінен 10-нан аса жол апаты болған. Сондықтан полицейлер бағусыз малды айыппұл тұрағына айдап әкетіп жатыр. Айналасы бір аптада 600 ірі қара арнайы айыппұл қорасына қамалды. Қараусыз малдың көптігінен қазір қора да толы. Полиция қызметкерлері малын бақпай жібере салатын тұрғындарға салынатын айыппұл сомасын көбейтіп, жауапкершілікті күшейту керек дейді.

Татьяна Карпова, ШҚО ПД Баспасөз қызметінің бастығы:

Жол бойында бағусыз жүретін мал өте көп. Осының кесірінен малға соқтығысқан көлік апаттары бірнеше рет тіркелді. Сондықтан ауыл табынды кезекпен бақса деген ұсыныс айтып жатырмыз.Сонда ғана қайғылы жағдай азаяды.


Хабарламаларға жазылу