«СКА» - «Барыс» 3:2 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«СКА» - «Барыс» 3:2

01.03.2014
«СКА» - «Барыс» 3:2
Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» клубы Санкт-Петербургтте, жергілікті СКА командасынан жеңілді. Біздің хоккейшілер кездесудің алғашқы кезеңінде есеп ашуға мүмкіндіктері болды. Әріптестерінің ұтымды пасын қорытындылаған Михайл Рахмановтың соққысы қақпа маңдайшасынан қайтты.
 
«Барыс» қорғаушысы Максим Семенов өз аумағында питерлік Илья Каблуковты тәртіп бұзу арқылы тоқтатқаны үшін ойын соңына дейін алаңнан қуылды. Ал Дастин Бойд жарақат алуы себебі ойынды мерзімінен бұрын аяқтады.
 
Екінші кезеңде қарсыластарының ойыншысы 2 минуттық айып алғанын пайдаланған астаналықтардың шабуылы нәтиже берді. Шайба авторы – Роман Старченко. Әрі қарай ойындағы басымдықты айдын иелері қолға алды. Тіпті, Николай Антроповтың соққан шайбасы да елордалық хоккейшілерге көмектеспеді.
 
Құрлықтық хоккей лигасы. «СКА» (Санкт-Петербург) - «Барыс» (Астана) - 3:2 (0:0; 2:2; 1:0).
0:1 - Роман Старченко (Савченко, Жайлауов).
1:1 - Евгений Кетов (Панарин, Шипачёв).
1:2 - Николай Антропов (Жайлауов).
2:2 - Артемий Панарин (Кетов, Семёнов).
3:2 - Артемий Панарин (Шипачёв).

Хабарламаларға жазылу