VIII «Шаттық» қалалық байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

VIII «Шаттық» қалалық байқауы басталды

11.02.2014
VIII «Шаттық» қалалық байқауы басталды
  Елордада Ұлттық Дельфий ойындары бағдарламасы бойынша VIII «Шаттық» қалалық байқауының ашылу салтанаты өтті. Мерекелік іс-шараға Астана қаласының 40-тан астам мектеп, техникалық және кәсіптік лицей оқушылары қатысты.
 
Олар байқауда «Хореография» жанры бойынша сынға түсті. Мақсат - ұлттық салт-дәстүрді дамыту арқылы дарынды балаларды қолдау. Айта кетейік, байқау ақпан айының 11 мен 15 аралығында өтеді.
 
Оған қаланың 78 білім мекемесінен барлығы 6 мың оқушы қатысып, 8 жанр бойынша бақтарын сынамақ. Ал, жүзден жүйрік атанғаны 2014 жылы өтетін қалалық  Дельфий ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.
 
Жұлдызай Тұрсынова, байқау қатысушысы:
Біз мұнда қазақ және орыс билерін билейміз. Біз өте күшті дайындықпен келдік. Және бірінші орын аламыз деген үміттеміз.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу